Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.png?_=1524731137
Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Школа-гимназия № 83 имени Ибрая Алтынсарина» акимата города Астана


+7 7172 49-07-40

Статичная страница


        2020 оқу жылына ЮНЕСКО ассоциациялық мектептерінің

ЖОСПАРЫ

Мерекелік іс-шара

Уақыты

Статусы

Жауапты адамдар

1

Халықаралық білім күні

24 қаңтар

халықаралық

Мектеп координаторы

2

Халықаралық ғылыммен айналысатын әйелдер күніне арналған іс-шара.

11 ақпан

республикалық

АЮМ кеңесі, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

3

Қазақ республикалық радиосы бойынша Юнеско Ассоциациялық Мектептері қызметі туралы сөз сөйлеу. (Дүниежүзілік радио күні)

13 ақпан

Халықаралық

(мектепте)

Мектеп координаторы

4

Ана тілі күніне арналған іс-шаралар өткізу.

21 ақпан

Халықаралық

(мектепте)

Мектеп директоры,

координаторы

5

ЮНЕСКО қауымдастырылған мектептері оқушыларының "Болашаққа қадам - VI" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы»

28 ақпан

Халықаралық

 

№36 МГ, Алматы қаласы

6

Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шаралар өткізу.

8 наурыз

Халықаралық

(мектепте)

Мектеп әкімшілігі

7

Дүниежүзілік поэзия күні. Өлеңдер сайысы және жинақ шығару

21 наурыз

Республикалық

Координаторлар кеңесі

8

"Наурыз" мерекесіне арналған іс-шаралар өткізу.

21 наурыз

Халықаралық

(мектепте)

Мектеп әкімшілігі

9

Дүниежүзілік су ресурстары күні

22 наурыз

Халықаралық

(мектепте)

Мектеп координаторы

10

Халықаралық спорт күні

6 сәуір

Халықаралық

(мектепте)

Мектеп координаторы

11

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай жазушылармен және ақындармен шығармашылық кездесулер ұйымдастыру.

23 сәуір

Халықаралық

(мектепте)

Мектеп координаторы

12

БҰҰ-ның 75 жылдығына арналған "БҰҰ Моделі-2020" халықаралық конференциясы

16-17 сәуір

Халықаралық

 

«Мирас» халықаралық мектебі, Алматы

13

Халықаралық жарық күні

16 мамыр

Халықаралық

(мектепте)

Мектеп координаторы

14

Дүниежүзілік мәдени әртүрлілік күні

21 мамыр

Халықаралық

(мектепте)

Мектеп координаторы

15

Халықаралық биологиялық әртүрлілік күні

22 мамыр

Халықаралық

(мектепте)

Мектеп координаторы

16

Халықаралық сауаттылық күні

8 қыркүйек

Халықаралық

(мектепте)

Мектеп координаторы

17

Бейбітшілік күніне арналған АЮМ оқушыларының фестивалі.

21 қыркүйек

Республикалық

АЮМ кеңесі ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясымен және Тұңғыш Президент Қорымен бірлесе

18

Халықаралық мұғалімдер күні

5 қазан

Халықаралық

(мектепте)

Мектеп координаторы, Координаторлар кеңесі

19

Халықаралық өсімдіктер денсаулығына арналған Конференция (International Year of Plant Health)

22 қазан

Республикалық

ҚазҰУ-дың координаторлар кеңесі Әл-Фараби Атындағы ҚазҰУ, Алматы обл.

20

Біріккен Ұлттар Ұйымы Күні

24 қазан

Халықаралық

(мектепте)

Мектеп координаторы

21

Дүниежүзілік Ғылым күні

10 қараша

Халықаралық

(мектепте)

Мектеп координаторы

22

Толеранттылық күніне арналған іс-шаралар

16 қараша

Халықаралық

(мектепте)

Мектеп координаторы

23

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар.

1 желтоқсан

Халықаралық

(мектепте)

Мектеп координаторы

24

"Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу" тақырыбы бойынша "дөңгелек үстел".  АШЮ директорлары мен координаторларымен жұмыс тәжірибесімен алмасу

3 желтоқсан

Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы

Координаторлар кеңесі, АШЮ мектептерінің директорлары, "Мирас", "БЭСТ" мектептерінің координаторлары

25

Халықаралық мүгедектер күні

3 желтоқсан

Халықаралық

(мектепте)

Мектеп координаторы

26

Адам құқықтары күніне арналған іс-шаралар

10 желтоқсан

Халықаралық

(мектепте)

Мектеп координаторы

27

Серіктес мектептермен online режимінде конференциялар өткізу.

Жыл бойы

Халықаралық

АШЮ координаторлары

28

ҚР АШЮ координаторлар кеңесінің отырысы

Жыл бойы

Алматы қаласы

АШЮ координаторлары

29

Қауымдасқан (ассоциялы) мектептерге бару.

Жыл бойы

Республикалық

Ұлттық координатор, АШЮ координаторлар кеңесі

 

 


ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientificand Cultural Organization — UNESCO)– Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі ұйымы. Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйымқұрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысыЛондонконференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше.  Нұр-Сұлтан қаласы, № 83 мектеп-гимназиясы2018 жылдың 18 қыркүйегінде ЮНЕСКО-ның мүшесі болды.

ЮНЕСКО-ның мақсаты

Білім беру, ғылым және мәдениет саласында халықаралық ынтымақтастықты қолдау. Заңдылық пен әділеттілікті сақтау және БҰҰ-ның Жарғысына сай нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан адам құқықтарын оның негізгі бостандықтарын құрметтеу арқылы бейбітшілік пен кауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосу.

Негізгі міндеттері

БАҚ-тың көмегімен өзара түсіністікті нығайту, халықтың білім алуын қолдау және мәдениет пен білімді тарату және тереңдету.

№83 мектеп гимназиясының ЮНЕСКО ассоциациялық мүшелігінің мақсаты:

  1. ЮНЕСКО жұмыстары туралы мектеп оқушыларына ақпарат беру және оларды мерекелерге, іс-шараларға қатыстыру;
  2.  Оқушыларды Қазақстан Республикасының мәдени мұраларын сақтау және зерттеуге үйрету;
  3. Адамдар мен балалар құқықтарын сақтау;
  4. Мектеп арасындағы бейбітшілікке, татулыққа, өзара түсіністікке баулу;
  5. Оқушыларды ЮНЕСКО жобаларына, ғылыми жобаларды қорғауға, танымдылық ой қалыптастыруға баулу.

        ЮНЕСКО Ассоциалық мектептері ұйымдастырған «Арман оқулары – 2018» республикалық практикалық конференциясына біздің мектептің оқушылары белсенді түрде қатысты. Конференцияның басты мақсаттарының бірі оқушыларымызды патриотизмге тәрбиелеу, рухани жаңғыру аясында тарихи құнды жерлерімізді, табиғатымызды құрметтеу. Аталған іс-шара Шымкент қаласында, «Арман» гимназия мектебінде өтті. Қатысқан оқушылармыз аталған тақырыптармен конференцияға қатысты: Нұрлықанов Бексұлтан (“Музейно-мемориальный комплекс «Алжир»-Акмолинский лагерь жен изменников родины»), Жаңбырбай Айнұр («Болашақ» қайырымдылық қоры), Батырбекова Адина және Мекенбай Сағира (Марат жыланбаев – марафон жүгірісінен 7 дүркін чемпион) , Жаксылыкова Карина және Кошумбекова Зарема (“Жаксылык Жанболатов - “Астана-город будущего”), Садвакасова Жанель ( Айдын Рахымбаев – ВІ груп компаниясының директоры), Карамакиа Бакытжан (“ Иван Адамович Сауэр-директор совхоза (ТОО “Аргофирма”) “Родина”). Бұл балалардың жетекшісі мектебіміздің ғылым және білім жөніндегі директордың орынбасары – Ботабекова Кымбат Болатбековна. Конференция барысы:
           


           
Конкурстың қорытындысы бойынша ең үздік деп жюрилердің бір ауыз шешіп таңданылған проектін біздің 11 сынып оөушымыз, Нұрлықанов Ерсұлтан 1 орынды жеңіп алды.

         
 

             


 Біздің мектеп осы жеңіспен оралғанна кейін де ЮНЕСКО жобасын тоқтатып қоймай, бұл жобаны ары қарай жүзеге асыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында №83 мектеп-гимназия Ресейден (Саха-Якутия Республикасы) әріптестерін қарсы алды."Жаңа буын мектебі" X Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға делегацияны халықаралық Арктикалық мектептің серіктес-мектептерінің 5 мұғалімі, директорлары мен орынбасарлары қатысты.       


                              

   Кездесу барысында қонақтар №83 мектеп-гимназия мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, Юнеско-ның қауымдастырылған мектептерінің Халықаралық жобасындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Мәдени бағдарлама барысында қонақтарға ҚР Ұлттық мұражайы, опера және балет театры және елорданың өзге де көрікті жерлері көрсетілді.
                     
                

     Кездесу қорытындысы бойынша Нерюнгри қаласындағы "Арктика" эксперименттік мектеп-интернатымен ЮНЕСКО ассоциацияланған мектептерінің халықаралық жобасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.Юнеско жобасының жетекшісі, "Арктика" мектебі директорының орынбасары Иванова Антонина Моисеевна 2019 жылдың 18-20 ақпан күндері өтетін мектептің 20 жылдығына №83 мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен оқушыларын шақырды.

      Ресей қауымдастырылған мектептерімен халықаралық ынтымақтастық жоспары аясында 5-8 сынып оқушыларының командасы Юнеско – ның мектеп жобасының жетекшісі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұрбаулы Шарбану Ғалымжанқызы ЮНЕСКО-ның 1945 жылдың 16 қарашасындағы құрылғанына және Екатеринбургтің 18 қарашасының Тарихи туған күніне арналған екі айтулы даталарға арналған іс-шараларға қатысты.

            
        Сапар барысында №83 мектеп-гимназиясының оқушылары туған өлкесінің мәдени мұрасының материалдық емес нысандары – ұлттық әндер мен билер, костюмдер мен музыкалық аспаптар бойынша өз жобаларын ұсынды. Сонымен қатар, іс-шараға қонақ ретінде Юнеско қауымдастырылған "Арктика" мектебінің ( Якутия, Саха Республикасы) балалар командасы қатысты.

            
     Біздің балалардың сөз сөйлеуін ЮНЕСКО-ның Орал-Сібір қауымдастықтары, орталықтары мен клубтары Федерациясының президенті Юлия Аверина, сондай-ақ Екатеринбург қаласы Әкімшілігінің өкілдері естелік сыйлықтар табыс етті.
         
                         
    
Екатеринбургте балалармен конференцияға қатысқаннан кейін бізді Арктика мектебі танып, жақсы көрді. Біз олармен бірге Екатеринбургтегі түрлі іс-шараларға қатысып, бізді ЮНЕСКО-ның жобасын біріктірдік. ЮНЕСКО жобасының арқасында біз Ресейден, Бурятия Республикасынан және Якутия Республикасынан жаңа достармен таныстық. 14 ақпанда 2019 жылы Саха Республикасының мемлекеттік бюджеттік жалпы білім беру мекемесі "Арктика" эксперименталдық мектеп-интернатының мерейтойы(20 жыл) болды. Сол мектептің координаторы Антонина Моисеевна "Арктиканың байырғы халықтарының этномәдени білімін дамыту: дәстүрлер мен инновациялар"конференциясына қатысуға шақырды. № 83 гимназия мектебінің директоры Теменова Сауле Ермұқанқызы ағылшын тілі мұғалімі, Нұрбаулы Шарбануды жәнеоның жолдасы дене шынықтыру мұғалімі Қабылбаев Нұрлан екеуін Якутияға Нерюнгри қаласына жіберді. Онда үлкен іс-шара, Арктика мектебінің мерейтойы өтті. Біз Балаганға бардық, онда 12 қауым тату өмір сүреді, оның ішінде бізді қазақ қауымы қарсы алды. Біз басқа халықтардың мәдениетімен таныстық, олардың ішінде якуттер пен буряттар. Бурят халықтарының хороводына қатыстық. Мерейтой күні үш мектеп - ЭШИ Арктика(Саха Республикасы), Рбнли №1(Бурятия Республикасы), №83 МГ(Қазақстан Республикасы) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Осы сапардан кейін біз жұмысқа тамаша сезіммен және эмоциялармен келдік!
              
                
                           
        
Осы сапарымыздан кейін бізге Юлия Ким – ЮНЕСКО қауымдасқан мектептері ұлттық үйлестірушісінің орынбасары хабарласып, біздің мектебімізде КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНЫҢ КОНКУРСЫ және ОҚУ-ОЙЫН КЕШЕНІ БАЗАСЫНДА "КЛИМАТТЫҚ ШКАТУЛКА” материалдары бойынша конференциясын ұйымдастыруға ұсыныс берді. Біз бұл ұсынысты қуана қабылдадық және еліміздің барлық қалаларынан, аудандарынан және Арктика мектебінен оқушылар ғылыми-жобаларын қорғауға келді. Аталмыш конференция халықаралық деңгейде №83 мектеп-гимназиясында өтті.
             
            
            
       
Осы үлкен конференциямыздан кейін бізге тағы да 2019 жылдың 4 мамырында болатын ЮНЕСКО қауымдастырылған мектептерінің Қазақстан Республикасында"Мир глазами молодых»форумын өткізу туралы хат келді. Форум 2019 жылғы 4 мамырда сағат 10.00-де Мыңбаев көшесі, 12а мекен-жайы бойынша ЮНЕСКО "БЭСТ" қауымдастырылған мектебінің базасында өтті. Мектеп оқушыларын ағылшын тілі пәні мұғалімі Зеткулова Жадыра жетекшілікке алып, апарып келді. Бұл форумда да оқушыларымыз жүлделі орындармен келді.

        
    2019 жылдың желтоқсан айындабізге Саха Республикасы Нерюнгрин ауданының әкімшілігі (Якутия), Саха (Якутия) Республикасының "Арктика "эксперименталдық мектеп-интернаты" мемлекеттік бюджеттік жалпы білім беру мекемесі» ЮНЕСКО қауымдастырылған мектептері мен клубтарының өңіраралық«Вместе дружная семья» фестиваліне қатысу туралы ұсыныс жасады. Бұл фестиваль 2020 жылғы 28 қаңтар мен 01 ақпан аралығында "ЭШИ Арктика" - ЮНЕСКО қауымдастырылған мектебі негізінде өткізіледі. Біз бұл фестивальға бара алмайтын болғандықтан, онлайн қатысуды жөн көрдік. Мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары «Жойылып бара жатқан тілдерді қалай сақтауға болады?» тақырыбына эссе жазып, видео түсіріп, почтамен Арктика мектебіне жібердік. Бұл фестивальдың қорытындысы 2020 жылдың ақпан айының ортасында белгілі болады.
     ЮНЕСКО ұйымына кіргелі бері мектебіміздің оқушылары еліміздің сыртына да шығып, конкурстарға қатысып, конференцияларда жобаларын қорғап түрлі жетістіктерге жетті. Осы жобаны ары қарай да барынша дамытып, барлық іс-шаралардан қалмай, мектебіміз ЮНЕСКО мектептерінің ішінде, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бірінші орында болады деген үміттеміз!
     


              
            
       



         
        

Послание Президента

Час добропорядочности

Жарменова Гульмира Сергазиевна

ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ

 ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ Г.Нұр-Сұлтан

Choose Colour