Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.jfif?_=1729746247
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 49-07-40

Статистикалық бет


Психологиялық қызметтің 2023-2024 оқу жылына арналған оқу жоспары







Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес төтенше жағдайға байланысты 
2020 жыл 












 


Емтиханға қалай әзірленуге болады?

 

Психологиялық даярлық

  1.   1. Даярлықты ерте бастау керек.
  2.   2. Егер күші мен ойын жинақтау қиын болса,алдымен ең оңайын есте сақтауға тырыссын, сосын   қиын       материалды зерделеуге  кіріседі.
  3.   3. Шиеленісті, шаршағанды басатын жаттығуларды күн сайын жасасын

 

Күн тәртібі 3 бөлікке бөлсінcін:

8 сағат тестілеуге дайындалсын;

-  2 сағат спортпен айналыссын,таза ауада жүрсін;

-  8  сағаттан кем үйықтамасын, сабақтан кейін де ұйықтап алғаны жөн. Себебі 14- 17 ге дейін  есте сақтау өнімділігі сағат  17 ден бастап көтеріледі,сағат 19 да жоғары қабылдау деңгейіне жетеді.

Тамақтану

3-4 рет витаминге бай құнарлы тамақ ішу керек.Грек жаңғағы, сүт тағамдары,ет,балық,көкеніс,  жеміс, шоколад  тағамдарын беріңіз.

Сабаққа дайындалатын орын:

Үстелге сары және сия түсті зат немесе сурет қойса, бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады.Демалыс, үзіліс сәттерінде жасыл-көгілдір түстердің болғаны пайымдау жасағанға жақсы.

Жұмыс қабілетін сақтау шарттары

  1.  - Ой және дене еңбегін ауыстырып отыру керек
  2.  - Гимнастика жаттығулар жасағанда тоңқалаң асу, баспен тұруды көбірек жасау керек, бұл жаттығулар бұл  ми жасушаларына қанның құйылуын күшейтеді.
  3.  - Көзді сақтау керек, әр 20-30 минуттан соң үзіліс жасау керек (кітаптан  көзді алып,алысқа қарау керек).
  4.  - Теледидар хабарларын неғұрлым аз көргені дұрыс.

 

Есте сақтаудың қандай тиімді түрлері бар?

  1.  - Көлемді және шағын материалдармен жұмыс істегенде, үлкенінен бастаған жөн
  2.  - Еске сақтаудың тиімдісі саналы түрде есте сақтау.

Сондықтан материалды ойланып оқып, түсініксіз жерін анықтап,түсінбейтін терминдердің мағынасын сөздіктен қарау керек.

 

Есіңізде болсын!!!

1. Балаңыздың емтиханда алатын бағасына аса алаңдамаңыз, және емтиханнан кейін балаға сын тақпаңыз. Балаға  алған бағасы оның мүмкіндіктерінің ең жетілген өлшемі емес екендігі туралы пікір ұялатуға тырысыңыз.

2. Емтихан алдында баланың алаңдаушылығын күшейтпеңіз – бұл тестілеу нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін. Ата-ананың толғанысы үнемі балаға беріледі, сондықтан дәл сын сағатта ата-аналар өздерінің эмоцияларына ерік бермей, қолда ұстаса, бала өзінің жас ерекшеліктеріне байланысты өзін ұстай алмай қалуы ықтимал.

3. Баланы жігерлендіріп отырыңыз, бір нәрсені жақсы істесе ол үшін міндетті түрде мақтап отырыңыз.

4. Олардың өзіне деген сенімін арттыруға көмектесіңіз, өйткені бала сәтсіздіктен қорыққан сайын, оның қате жіберу қаупі арта береді.

5. Баланың денсаулығын бақылап жүріңіз. Баланың шаршауына байланысты жағдайының нашарлағандығын уақтылы байқап, оны болдырмау Сізден басқаның қолынан келмейді.

6. Баланың дайындалу режімін бақылаңыз, өзін асыра жүктеп жіберуіне жол бермеңіз, дайындығын міндетті түрде демалыспен кезектестіру қажеттігін түсіндіріңіз.

7. Үйде дайындалуға арналған жайлы орын бөліп беріңіз. Үй ішіндегілер оған кедергі жасамауына көңіл аударыңыз.

8. Баланың не жеп жүргеніне көңіл бөліңіз: қарқынды ой жүктемелері кезінде оған нәрлі және әртүрлі тамақ, дәрумендердің балансқа келтірілген кешені қажет. Балық, ірімшік, жаңғақ, кептірілген өрік сияқты тағамдар мидың жұмысын күшейтеді.

9. Балаға дайындық тақырыптарын күндерге бөлуге көмектесіңіз.

10. Баланы емтиханға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Барлық материалды түгелімен жаттаудың еш қажеттігі жоқ, материалдың негізгі тұстарын шолып, оның мәні мен логикасын ұғып алса жеткілікті. Оқылып жатқан материалдарды жоспар бойынша реттей отырып, сызбалық көшірмелер мен кестелер жасап алған өте пайдалы. Егер бала білмесе, оны іс жүзінде қалай істеуге болатындығын көрсетіңіз. Негізгі формулалар мен анықтамаларды парақтарға жазып алып, жазу үстелінің, кереуетінің үстіне, асханаға, т.б. жерлерге іліп қоюға болады.

11. Пән бойынша тестілік тапсырмалардың әртүрлі нұсқаларын дайындап қойыңыз (қазір түрлі тестілік тапсырмалардың жинақтары толып жатыр). Баланы тестілеуге дайындаудың мәні зор, өйткені оның әдеттегі жазба және ауызша емтихандардан айырмашылығы көп.

12. Баланы тестілік тапсырмалар бойынша дайындық кезінде алдын-ала уақыт мәселесін естен шығармауға, оны тиімді жұмсай білуге үйретіңіз. Сонда бала да тестілеудің бүкіл уақытында өзін жұмысқа жұмылдыруға үйренеді, бұл балаға сенім ұялатып, орынсыз алаңдаушылықты болдырмауға ықпал етеді. Бала сағат тақпайтын болса, емтиханға міндетті түрде сағат тағып барсын.

13. Емтиханның алдында баланың жақсылап демалуын қамтамасыз етіңіз, ол әбден тынығып, ұйқысы қанып тұруға тиіс.

 

Ата-аналар назарына!

«Кәсіп таңдау-тек қана болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу...»

  1. 1. Мамандық таңдауда балаңыздың қабілеттерін,бейімділігін ескеріңіз.
  2. 2. Біріге отырып таңдау жасалған кәсіптің «пайдалы» және «пайдасыз» жақтарын қарастырыңыз.
  3. 3. Болашақ мамандық таңдауда баланың да пікірін ескеріңіз.
  4. 4. Мамандықты таңдағанда қаржылық жағын ескере бермей, моралдік жағына да көңіл бөліңіз.
  5. 5. Мамандық таңдауда балаға қысым көрсетпеңіз, әйтпесе ол келіспеушілікке әкелуі мүмкін.
  6. 6. Егер де мамандық таңдауда келіспеушілік орын алса, білікті мамандардан кеңес алаңыз.
  7. 7. Бала арманының орындалуына барын салып ынталанса, оған сүйеніш болыңыз.
  8. 8. Егер балаңыз таңдауда қателессе,оны жазғырмаңыз. Қатені түзетуге болады.
  9. 9. Егер балаңыздың қандай да бір кәсіпке қызығушылығы ерте ояна бастаса, оны үйірмелерге беріп, әдебиеттермен білімділігін қолдап отырыңыз.
  10. 10. Есіңізде ұстаңыз, кәмілетке толған, өзінің тағдауына жауап бере алатын адам, ақырғы шешеімді баланың өзі жасауы керек!

 

 

 

Мұғалімдер үшін. Мазасыздықты қалай жоюға болатыны туралы

ақыл-кеңес

 - Өз өміріңізде мазасыздықты мүлде болдырмау үшін үнемі бір нәрсемен айналысу керек. Жұмыс бастылық – жабырқаудың бірден бір емі.
 - Шарасыздықты қабылдаңыз. Егер сіздің жағдайды өзгертуге мүмкіндігіңіз болмаса, онда өзіңізге: «Бұл солай болды, басқаша болуы мүмкін емес» деңіз.
 - Ешқашан қас-жауларыңыздан кек алуға тырыспаңыз, олай болатын болса, сіз өзіңізге одан бетер зиян келтіресіз. Одан да мына ережені ұстаныңыз: өзіңізге ұнамсыз адамдар жайлы ешқашан ойламау.
 - Жан тыныштығы, жау жүректік, денсаулық пен үміт жайлы ойлаңыз. «Біздің өміріміз – біз нені ойласақ, сол». Осыны естен шығармаңыз!
 - Үрей мазасыздықты тудырады. Егер өз үрейлері мен мазасыздықтарын жоя білетін болса, дәрігерлерге жүгінетін пациенттердің 70%-ының өздігінен емделіп кетулеріне мүмкіндіктері бар.
 - Қатал ақиқатты өмірге бейімделуге күйі жоқ, мазасы кеткен және әбден титығына жеткен адам өзін қоршаған ортамен барлық байланысты үзіп, өзі ойдан шығарған әлемге еніп кетеді.
 - Егер қырсық сіздің соңыңызға түсіп, тығырыққа тірейтін болса, онда: «Егер мен өз мәселемді өзім шеше алмайтын болсам, одан өткен жаман бар ма?» деп өз-өзіңізге сұрақ қойыңыз.
 - Өз ойыңызда шарасыз жағдайға бойұсынған болсаңыз,онда сол тығырықтан шығудың жолын ойша ойластырыңыз.

 - Мазасыздық, өз-өзіне сенбеушілік біздің өз-өзімізді бағалаумен тығыз байланысты.
 - Адам ең алдымен өзін-өзі сыйлап, өзін-өзі жақсы көруі керек, содан кейін барып басқаларды сыйлап, жақсы көруі керек.





 

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour