Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.png?_=1524731137
Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Школа-гимназия № 83 имени Ибрая Алтынсарина» акимата города Астана


+7 7172 49-07-40

Статичная страница

введите




 

Физика пән мұғалімі: Батыр Жәнібек

ҒАРЫШТАНУ

 

Жобаның мақсаты – әлемдік дүниенің жаралу негізін физикалық тұрғыдан түсіне білу, ғаламшарлардың, жұлдыздардың, галактикалардың және метагалактикалардың пайда болу, құрылу және дамуының динамикасын заманалды физикалық теориялар негізінде зерттеп түсіне білу, космостағы денелерді және объектілерді зерттеу аспаптары және құралдарымен таныстыру, олармен жұмыс істеуді үйрену.

 

Жобаны орындау міндеттері:

- әртүрлі теориялық гипотезалармен модельдердің қолдану шегі туралы мағлұмат беру, әлемдік құрылымдармен кеңістіктер туралы білімді дәрістеу;

- жұлдыздардың құрылымымен, энергетикалық заңдылықтарымен, планеталарлық жүйелермен таныстырып, негізгі білімдерді нығайту;

- оқушыларды астрономиялық ғылымға баулу, ынталандыру.

 

Өзектілігі:

- астрономияның негізгі заңдылықтарын түсінуге болатындай жалпы және теориялық физиканың ережелерін және мағлұматтарын оқушыларға жеткізу, түсіндіру;

- астрономиядағы маңызды және негізгі құбылыстармен, процестермен таныстыру; астрономиялық шамаларды мейлінше дәл өлшеуді, берілгендерді есептеп өңдеу тәсілін үйрену.

 

Күтілетін нәтиже:

- физиканың және математиканың жалпы заңдылықтарын космостық әлемді түсінуге және нәтижелі қолдана білу; жұлдыздарды, галактикалық, және планеталарлық құрылымдардың физикалық заңдылықтарын, химиялық ерешеліктерін, даму және өзгеру принциптерін біліп қолдана алады;

- жұлдызды құрылымдардың энергетикасын және эволюциясын біледі;

- астрономиялық зерттеулер жүргізгенде нәтижелерді дұрыс талдай, сараптай, тұжырымдай біледі; космостан бақылау және зерттеу жасаудың негізгі әдістерін және тәсілдерін біледі, ауқымды түрде пайдалана алады.


 

ҒАРЫШТАНУ КАБИНЕТІ

 жетекшісі: Батыр Жәнібек



 

ҒАРЫШТАНУ ЗЕРТХАНА КАБИНЕТІНІҢ

 АШЫЛУ САЛТАНАТЫ.



Жаңа орталықтың лентасын кесу құрметіне Қазғарыш өкілдері ие болды. «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ вице-президенті Бауыржан Құдабаев балаларды KazSat-2 негізінде құрастырылған ғарыштық аппараттың моделімен таныстырды.

 


«Аспан сферасы және аспан сферасындағы нүктелермен сызықтар» тақырыбында аспан сферасының нүктелерін анықтап шоқжұлдыздардың шекарасын табу сәттері





ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒАРЫШТЫҚ ФОРУМ


20.10.2017 ж оқушылармен бірге Wyndham Garden Astana қонақ үйінде Қазақстан ғарыштар күніне орай халықаралық ғарыштық форум конференциясында.

2017-2018 оқу жылы №83 мектеп-гимназия үшін табысты жыл деп айтуға болады. Осы жыл Теменова Сауле Ермуханқызының бастамасымен оқушылардың білімін жан-жақты артыру мақсатында мектебімізде көптеген факультативтер мен үйірмелер ашылды. Атап айтқанда: ғарыштану орталығы, STEM зертханасы, робототехника және бейнелеу үйірмелері. Сонын ішінде ғарыштану үйірмесі көптеген жетістіктерге жетіп, мектебімізге келген қонақтарды оқушылар жасаған жұмыстары арқылы таң қалдыруда. Айтып кететін болсақ 12-сәуір ғарышкерлер күніне орай мектебімізге шетелдік делегация қонаққа келіп, мектебіміздегі жасалып жатқан оқушылардың жұмыстарымен танысып қана қоймай, оқушылармен жүзбе жүз сөйлесіп, көз жеткізді. Олар оқушылардың жасаған протон-м ракетасын аспанға ұшырғанына куә болды.

Послание Президента

Час добропорядочности

Жарменова Гульмира Сергазиевна

ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ

 ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ Г.Нұр-Сұлтан

Choose Colour