Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.jfif?_=1729746247
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 65 01 32

Статикалық бет

 

 Бұйрық

 Жоспар 

 "Саламатты мектеп" өңірлік іс-шаралар жоспары

№83 Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясында «Саламатты мектеп» жобасы өз жұмысын бастады.

Жоба қауіпсіз, денсаулықты сақтауға бағытталған және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруды көздейді. Оның басты мақсаты – білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ мектептегі медициналық және психологиялық-педагогикалық қолдау сапасын арттыру.

Жоба аясында білім алушылардың салауатты өмір салтын ұстануға деген тұрақты ынтасын қалыптастыруға, аурулардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға, дұрыс әрі теңгерімді тамақтану мәдениетін насихаттауға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар мектептің медициналық қызметін жетілдіру, медициналық кабинеттерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, алғашқы медициналық көмекті уақтылы көрсету және оқушыларға жан-жақты психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылады.

«Саламатты мектеп» жобасы білім алушылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын дамытуға және әрбір оқушының жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.



Жоспар

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour