Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп орынды айтқан. Иә, денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. «Салауатты өмір салтын» ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, тазалықты сақтау, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану-барлығы салауатты өмір салтына жатады. Бүгінгі күні қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру.
Мектеп — оқушылардың денсаулығын сақтау мен оларды салауатты өмір салтын ұстануға жігерлендіру бойынша қызметтің оқу міндеттерін толықтырып, есептеуге үйретуден қарағанда басымырақ болып табылатын мекеме.
Күтілетін нәтиже:
(Жобаны іске асыру нәтижесінде болатын өзгерістер)
- Сырқаттанушылық көрсеткішінің төмендеуі
- Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын оқушылар санын арттыру.
- Білім беру процесіне барлық қатысушылардың физикалық және эмоционалдық-психологиялық жағдайын жақсарту
- Жеке гигиена ережелерін сақтайтын оқушылар санының артуы.
- Дене дайындығы деңгейін арттыру.
- Салауатты өмір салтына саналы қажеттілкті қалыптастыру.
- Сөйлеу тілін дамытуға,ой-өрісін кеңейтуге,физикалық және адамгершілік қасиеттерге,денсаулықты сақтауға және нығайтуға пайдалы әсер қалыптасуы
Біздің жұмысымыз