Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.jfif?_=1729746247
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 65 01 32

«Lesson Study және Action Research: педагогтің зерттеушілік қызметі» оқыту семинары


2026 жылғы 30 қазан күн Астана қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында  педагогтердің зерттеушілік құзыреттілігін дамыту, кәсіби тәжірибесін жетілдіру және білім беру сапасын арттыру мақсатында «Lesson Study және Action Research: педагогтің зерттеушілік қызметі» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинарды Астана қаласындағы ПШО тренері Нугербаев Т.К. жүргізді.

Оқыту барысында педагогтер Lesson Study (сабақты зерттеу) және Action Research (іс-әрекеттегі зерттеу) тәсілдерінің мақсаты, ерекшеліктері мен тәжірибеде қолдану жолдарымен танысты. Аталған зерттеу тәсілдерінің мұғалімнің кәсіби дамуына, оқыту әдістерін жетілдіруге және оқушылардың оқу нәтижелерін жақсартуға ықпалы қарастырылды.

07 қараша күні  Астана қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясында практикалық бөлімі ұйымдастырылды. Педагогтер топтық жұмыстар арқылы зерттеу мәселесін анықтау, зерттеу сұрақтарын құрастыру, сабақты бірлесіп жоспарлау, оқушылардың оқу әрекетін бақылау және алынған деректерді талдау тапсырмаларын орындады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, оқыту үдерісіне өзгерістер енгізу және олардың тиімділігін бағалау жолдарын талқылады.

Практикалық жұмыс барысында мұғалімдер кәсіби тәжірибедегі өзекті мәселелерді зерттеу, оқушылардың оқу қажеттіліктерін анықтау және оқыту әдістерін жетілдіруге бағытталған шешімдер қабылдау дағдыларын дамытты. Өзара пікір алмасу мен топтық талқылау педагогтердің бірлескен зерттеу жүргізу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Семинардың негізгі нәтижесі – педагогтердің Lesson Study және Action Research тәсілдерін оқу үдерісінде қолдану туралы білімдерін тереңдетіп, зерттеушілік дағдыларын жетілдіруі. Бұл тәсілдер мұғалімдерге өз тәжірибесін жүйелі талдауға, оқытудағы қиындықтардың шешімін іздеуге және білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Семинар қорытындысында педагогтер зерттеу жұмыстарын мектеп тәжірибесінде жүйелі ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. Алдағы уақытта алынған білім мен тәжірибені сабақ үдерісіне енгізу, бірлескен зерттеу жұмыстарын жалғастыру және тиімді педагогикалық тәжірибелерді тарату көзделуде.Lesson Study және Action Research – педагогтің кәсіби өсуіне, оқыту тәжірибесін жетілдіруге және әр оқушының білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған тиімді зерттеу тәсілдері.




















Пікір жоқ
5 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 10.11.2026 в 11:44

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour