🌷 “Мың алғыс сізге, ұстазым” ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара
Ұстаз – ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, жүрекке білім мен ізгіліктің нұрын себетін аяулы жан.
Ұстаздар күніне орай мектебімізде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары ұстаздарын ерекше құрметпен қарсы алып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 💐
Мерекелік бағдарламада оқушылар ұстаздарға арнап жүрекжарды тілектерін білдіріп, ән мен жырдан шашу шашты. Бұл – шәкірт жүрегіндегі ұстазға деген алғыс пен құрметтің жарқын көрінісі.
Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек! ❤️
Барша ұстаздарға зор денсаулық, шығармашылық табыс, қажымас қайрат және шәкірттерінің биік жетістіктерін тілейміз! 🌸
Пікір жоқ
9 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 06.10.2026 в 15:35


