📚✨ «Заманалар Әл-Фарабиі» – руханиятқа бастар жол ✨📚
Мектебімізде ақын, қаламгер Жұпар Ақтомпышқызы Қожақтың «Заманалар Әл-Фарабиі» атты жаңа кітабының салтанатты тұсаукесері өтті 🎉📖
Кештің шымылдығы көркем бөліммен ашылып 🌿, оқушылар ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби туралы кітаптан үзінді оқыды 📚 Ғалымның өмір жолы бейнеролик арқылы көрсетіліп 🎥, баяу классикалық әуен рухани атмосфераны айшықтай түсті 🎶✨
Мектеп директоры Гульмира Сергазиевна кездесудің маңыздылығына тоқталып, авторға ризашылығын білдірді 💐 Шығыстың ғұламасының әлемдік өркениетке қосқан өлшеусіз үлесі 🌍, математика, астрономия, жаратылыстану, филология салаларына сіңірген еңбегіне кеңінен тоқталды📘🎼✒️
Кеш барысында автордың өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылды 🌟 1949 жылы дүниеге келген Жұпар Ақтомпышқызы – саналы ғұмырын білім мен руханиятқа арнаған тұлға “Ғашық әйел”, «Бақыт тәжі», «Ай, заман!», «Аль-Фараби на все времена», «Стихи Аль-Фараби» еңбектерінің авторы 📚🏆
Сұхбат барысында көрермендер сұрақ қойып, әсерлі әңгімеге куә болды .Автор кітаптың басты мақсаты – жас ұрпақтың рухани-танымдық көкжиегін кеңейту екенін атап өтті 🌱
Салтанатты сәтте ұстаздар жүрекжарды лебіздерін білдіріп , кітаптың тұсауы кесілді 📚Жұпар Ақтомпышқызы мектеп кітапханасына 100 кітабын тарту етті.
Кеш соңында көрермендер ақынмен естелік суретке түсіп, кітаптарына қолтаңба алды.
Бұл кеш – ұлы ойшыл мұрасын ұлықтаған, тағылымы мол кездесу болды ✨
📖 Руханиятқа қызығатын әр жасқа – оқуға кеңес береміз!


