📚✨ «ЫБЫРАЙТАНУШЫЛАР» зияткерлік сайысы ✨📚
Мектебімізде ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай мұғалімдер арасында «Ыбырайтанушылар» атты зияткерлік сайыс өтті 🎉
Бұл – білім мен тапқырлықты, жылдамдық пен логикалық ойлауды сынайтын ерекше дода 🧠⚡
Сонымен қатар, жаңа мәліметтермен танысып, рухани білім қорын толықтыруға тамаша мүмкіндік болды 📖✨
📝 Сайыс 5 кезеңнен тұрды:
1️⃣ «Ыбырай әлеміне саяхат» 🌍
Ұлт ұстазының өмірі мен еңбектеріне қатысты сұрақтар қойылды.
2️⃣ «Факт немесе миф» 🤔
Берілген ақпараттың шындық не жалған екенін анықтау.
3️⃣ «Суреттер сөйлейді» 🖼️
Суреттер арқылы Ыбырай шығармаларын табу.
4️⃣ «Медиа сұрақтар» 🎥🎧
Видео және аудиожазбалар негізінде жауап беру.
5️⃣ Тәуекел сұрақ 🎯
Ең жауапты кезең — біліммен қатар шығармашылық пен идеялық ой сыналды.
📍 Әр кезеңде қатысушылар белгіленген уақыт ішінде тапсырмаларды орындап, жоғары белсенділік танытты ⏳✍️
🏆 Жеңімпаздар:
🏆 БАС ЖҮЛДЕ – «Таза бұлақ» 🌊
🥇 I орын – «Зерделі» 📚
🥈 II орын – «Дала қоңырау» 🔔
🥉 III орын – «Алтынсарин ұрпақтары» ⭐
👏 Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Сайыс қызықты, тартысты әрі мазмұнды өтті!Білімдеріңіз бен шығармашылықтарыңыз жоғары деңгейде көрінді!
💐✨


