Әдістемелік шеберлік – ұстаз табысының кепілі
Цифрлық дәуірдегі білім: инновациялық әдістер және жасанды интеллектті қолдану» тақырыбындағы мектепішілік семинар
Қаңтардың 24-і күні мектебімізде «Цифрлық дәуірдегі білім: инновациялық әдістер және жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – цифрлық құралдарды тиімді пайдалану, жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне енгізу және педагогтердің әдістемелік тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Семинардың ашылуында мектеп директоры Жарменова Гульмира Сергазиевна білім беру жүйесінің технологиямен тығыз байланыста дамып келе жатқанын атап өтіп, жасанды интеллект мұғалімге көмекші құрал екеніне, ал оның нәтижелілігі ұстаздың кәсіби шеберлігіне байланысты екенін айтты.
Ұйымдастыру кезеңінде «Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация»шығармашылық топ жетекшісі Нурадинова Светлана Нурадиновна мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Омаров Әлібек Жарқынбекұлы инновациялық әдістер мен жасанды интеллектті қолданудың маңыздылығын түсіндіріп, қатысушылармен белсенді жұмыс жүргізді. Математика пәні мұғалімі Құрбанбай Клара Ермекбайқызы «Цифрлық шеңбер» тренингі арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды.
Практикалық бөлімде бастауыш сынып мұғалімі Айдос Адильмуратұлы «Ақылды бағалау: жасанды интеллект арқылы кері байланыс пен оқытуды дамыту» тақырыбында баяндама жасап, заманауи бағалау тәсілдерін ұсынды. Жақсылық Жания Дарханқызы «Математика сабақтарында интерактивті оқыту әдістері мен ЖИ рөлі» тақырыбындағы баяндамасында цифрлық құралдардың пәнге қызығушылықты арттырудағы мүмкіндіктерін көрсетті.
География пәні мұғалімі Турузбекова Ақмарал Қымбатовна мен АӘД пәні мұғалімі Ташубаев Алкен Капанович «Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі ЖИ» тақырыбында шебер сынып өткізді. Химия пәні мұғалімі Серік Жанаргүл «Оқушылардың сыни ойлауын дамытудағы ЖИ рөлі» , ағылшын тілі пәні мұғалімі Әбдуәлі Ақторғын «Жасанды интеллект – мұғалімнің заманауи көмекшісі» тақырыбында практикалық қолдану жолдарын, денешынықтыру пәні мұғалімдері Әбіл Арсланбек пен Зейнуллин Естөре «Қауіпсіз цифрлық орта және ЖИ-ді жауапты қолдану» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Бастауыш сынып мұғалімі Сураганова Жанна Тулегеновна «ЖИ – ойын технологиялары және цифрлық ресурстарды қолдану» панорамалық сабағын ұсынды.
Мектеп директорының бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Бекпанова Бағила Тұрсынбекқызы семинардың практикалық маңыздылығын ерекше атап өтіп, ұсынылған әдіс-тәсілдерді сабақ үдерісінде тиімді қолдану мүмкіндіктеріне тоқталды
Қорытындылай келе, семинар педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп , әріптестік қолдау мен кәсіби ынтымақтастықты нығайтты. Сонымен қатар, инновациялық әдістерді білім беру тәжірибесіне енгізуге нақты бағыт-бағдар көрсетті.

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)


