Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.jfif?_=1729746247
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 65 01 32

Функционалдық сауаттылық – білім алушының өмірлік құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі тетігі


Функционалдық сауаттылық – білім алушының өмірлік құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі тетігі» тақырыбындағы мектепішілік семинар
2026 жылдың 06 қаңтар күні «Функционалдық сауаттылық – білім алушының өмірлік құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі тетігі» тақырыбында мектепішілік семинар өтті. Семинардың мақсаты – мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқу үдерісін өмірлік жағдаяттармен байланыстыру және оқушылардың алған білімін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Семинарды мектеп директоры Г. Жарменова ашып, функционалдық сауаттылықтың оқушының өмірлік дағдыларын дамытудағы маңызын атап өтті. Кіріспе сөзде бейінді оқыту жұмысы жөнінднгі орынбасары Б.Бекпанова және шығармашылық топ жетекшісі С. Нурадинова функционалдық сауаттылық ұғымын түсіндіріп, түрлі тапсырмалармен таныстырды және қорытынды рефлексия жүргізді.
Семинар барысында:
• М. Есимханова «Сенім, сезім» тренингі арқылы психологиялық ахуал орнатты;
• Ә. Жағыпар және С. Косбаева функционалдық тапсырмаларды қолдану жолдарын көрсетті;
• А. Дюсенова мен Б. Темиргалиева бастауыш сыныпта функционалдық сауаттылықты дамыту әдістерін ұсынды;
• Е. Темірханұлы панорамалық сабақта теория мен тәжірибені үйлестірді;
• С. Кабдрашев өмірлік құзыреттілік қағидаларын түсіндірді;
• А. Азимбаева мен Н. Қабылбаев цифрлық ресурстарды қолдану арқылы оқушылардың дағдыларын дамыту жолдарын көрсетті;
• К. Жолдасбеков командалық рухты қалыптастыру әдістерімен бөлісті.
Педагогтер өз тәжірибесімен бөлісіп, сабақ құрылымы мен инновациялық әдістерді көрсетті, тәжірибе алмасу форматы әсіресе жас мамандар үшін пайдалы болды.



Пікір жоқ
22 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 19.01.2026 в 14:05

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour