.jpeg)

2026 жылғы 13 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес және «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 8–11 сынып білім алушыларына құқықтық сауаттылықты арттыруға, зорлық-зомбылық пен топтық жанжалдардың алдын алуға бағытталған профилактикалық дәрістер өткізілді. Іс-шараға 350-ден астам білім алушы қатысты.
Іс-шара Ы.Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының әкімшілігінің ұйымдастыруымен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкері Абылайхан Арманұлының, Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Тугузбаев Арман Узаковичтің қатысуымен және психологиялық қолдау орталықтарымен бірлесе өткізілді.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі, құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері жан-жақты түсіндірілді.


