Онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті
🏫Мектебімізде
🚀 "Болашаққа бағыт: физика және информатика – жасанды интеллект негізі"🤖✨тақырыбындағы онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті.
Мақсаты – оқушылардың физика мен информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, Жасанды Интеллект (ЖИ) рөлін түсіндіру және цифрлық сауаттылықты дамыту.
🟢Ашылу барысында:
💫 Логикалық ойындар және жылдамдық сайыстары
🤝 Интерактивті алаңдардағы топтық танымдық тапсырмалар
🔥 Ең қызықтысы – Робототехника аймағы! Оқушылар роботтарды басқаруды үйреніп, шағын роботтарды жинақтап, бағдарламалау негіздерімен танысты.
Бұл шара оқушыларымыздың технологиялық жобаларға деген ынтасын оятып, ғылыми-шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен серпін берді.
📚Алда-қызықты сайыстар, тәжірибелік сабақтар және ғылыми жобалар күтіп тұр!
Бізбен бірге болыңыздар, білімді, өнертапқыш оқушылар!


