Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.png?_=1524731137
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 49-07-40

Тарих пәні сабақтарының дамыту потенциалы - функционалды сауаттылықтың компоненті

№83 мектеп-гимназиясында «Тарих пәні сабақтарының дамыту потенциалы - функционалды сауаттылықтың компоненті» тақырыбында тарих пәні мұғалімдерімен қалалық семинар өтті.


03.03.2023 жылы №83 мектеп-гимназиясында «Тарих пәні сабақтарының дамыту потенциалы - функционалды сауаттылықтың компоненті» тақырыбында тарих пәні мұғалімдерімен қалалық семинар өтті. Семинарға Астана қаласының мектептері бойынша 61 тарих пәні мұғалімдері қатысты.
Семинардың салтанатты ашылуына қатысушылар мен қонақтарды гимназия директоры С.Теменова мен Астана қаласының Әдістемелік орталығының әдіскері Қ.Баяхметбаева құттықтады. Гимназия директорының орынбасары Қ.Ботабекова мектеп туралы мәліметпен таныстырды.
№83 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі білім берудің жаңа бағыттарын белгілейтін және заманауи мектеп мұғалімдерінің мәдениетін қалыптастыратын бірегей мазмұнды ұсынды. Мұғалімдер тарих сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тәжірибесін, инновациялық технологиялар мен финдік білім берудің озық әдістерін пайдалана отырып, құзыретті тұлғаны қалыптастыру тәсілдерін көрсетті.
Семинар алаңында фин әдісі бойынша 5 инновациялық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылардың алдын ала бейнелеу және STEM сабақтарында дайындаған сабақ тақырыбы бойынша демонстрациялық материалдар қолданылды. Сабақтар кіріктірілген түрде өтті. Сабақта тікелей өзара оқу және өзара бағалау әдістері пайдаланылды.
Әріптестер Г.Шәкенова, А.Керімбекова, Д.Мақсұт, А.Дастенбекова, А.Кенжібаева сабақтарында оқушылардың Б.Блум таксономиясының талдау, синтездеу және бағалау деңгейіне жеткенін атап өтті. Сабақта қолданылған стратегиялар сабақтың мақсатын ашуға бағытталды.
Семинардың екінші бөлімінде мұғалімдер келесідей шеберлік сабақтарына қатысты:
- «Тарих сабағында қолданылатын цифрлық платформалар» (Р. Тәкебаев),
-«Ұлттық құндылықтардағы тарихи концепт» (Б.Ешенхан),
- «Авторлық жұмыс жасаудың тиімді жолдары» (Ф. Рүстемова).






















Пікір жоқ
97 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 06.03.2023 в 12:43

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour