Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.png?_=1524731137
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 49-07-40

Ежелгі дәуірдегі Қазақстан


Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

Адамзат тарихы тас дәуірі, мыс-тас, қола дәуірі, және темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінді.

Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн – 3 мыңжылдықтар )деп аталады.

Тас дәуірі мынадай 3 кезеңге бөлінеді:

  1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі) - (б.з.б. 2,5 млн. жылдан – 12 мың жылдыққа дейін).

      Палеолиттің өзі үш  кезеңге бөлінеді:

 

А. Ерте палеолит (б.з.б. 2,5 млн. – 140 мың жылдықтар);

  1. Олдувэй (б.з.б. 2,5 млн жылдан 800 мың жылға дейін созылды);
  2. Ашель (б.з.б. 800 мың жылдан-140 мың жылға дейінгі уақытты);
  • Мустье (140- 40 мың жылдықты) қамтиды.

Ә. Орта палеолит (б.з.б. 140 – 40 мың жылдықтар);

Б. Кейінгі палеолит (б.з.б. 40 – 12 мың жылдықтар).

 

  1. Мезолит (орта тас ғасыры) - (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар).
  2. Неолит (жаңа тас ғасыры) - (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар).
  3. Энеолит (Мыс-тас ғасыры) - (б.з.б 3-1800 мыңжылдықтар)

ПАЛЕОЛИТ (б.з.б. 2,5 млн. жылдан – 12 мың жылдық): Палеолит дәуірі өте ұзаққа, шамамен 3 миллиондай жылға созылған. Осы уақыт ішінде бірнеше өзгерістер болды: 1)Адам баласының түр-тұлғасы, бет-бейнесі, ой-санасы қалыптасты. 2) Адамзат Африкада жерінде қалыптасп, палеолит дәуірінде жер бетіне таралды. 3) Тас құралдар жасау жетіле түсіп, сапасы жақсарды.

Табиғаты: Оңтүстіктегі Үнді мұхиты жағынан  жылы ауа Қазақстан жеріне  келіп турған. Сондықтан Қазақстанда  субтропиктік ормандар болған. Б.з.б. 100-80 мың жыл бұрын ауа райы құрт өзгерген. Осы кезде Қазақстанда ұзаққа созылған ауа райының суытуы басталған. Барлық тауларды мұз басқан. Бұл суық мерзім б.з.б. 12-5 мың жылдарға дейін созылған.

Осы  кездегі Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер т.с.с.

Адамдары: Қазақстан жеріндегі ежелгі адамдардың болған іздерін, олардың тастан жасаған еңбек құралдары арқылы білеміз. Біздің жерімізден табылған тас кескіш, қырғыш, тескіштер - ерте палеолитке, яғни 1 миллион жыл бұрын Қазақстан аумағында, Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында алғашқы адамдар мекендеген.

Палеолиттің басы кезінде адамдар еңкіш тартып, бүкірейіп жүрсе, дәуірдің соңына қарай тік жүрді. Ми құрылысы күрделенді, оның көлемі қазіргі адам миымен бірдей болды. Алғашқыда маймылдар сияқты жекелеген дыбыстар шығарса, тас дәуірінің соңында сөздік қоры көбейді. Алғашқы адамдар жеке дара емес, олар бірлесіп тамақ табу мен жабайы аңдардан қорғану үшін үлкен топ құрып, тобыр болып өмір сүрген.

Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік.

Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т.б.

Еңбек құралдары. Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады. Қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар, шапқы, кескіш, чоппер, чоппинг - алғ. Адамдардың еңбек құралдары.

А. Ерте палеолит (б.з.б. 2,5 млн. – 140 мың жылдықтар) - Шамамен 1 млн жыл бұрын Қазақстан жерінде ежелгі адамдар, питекантроп пен синантроп типіндегі адамдар пайды болды. Адамдар тастан еңбек құралдарын жасай білуі, алғашқы тобыр болып өмір сүріп, бірге қорғану және шабуылдау, аң аулау, терімшілікпен айналысуы.

Ә. Орта палеолит (б.з.б. 140 – 40 мың жылдықтар) -  Адамдар от алуды үйренді, алғашқы діни сенімдер пайда болды, аналық ру қоғам белгілерінің байқалуы, неандерталь адамның пайда болып, тас өңдеу техникасы жетілді.

Б. Кейінгі палеолит (б.з.б. 40 – 12 мың жылдықтар) – Қазіргі адамның пайда болуы, Нәсілдік топтар пайда болды. Соңғы палеолитте ірі хайуанаттардың азайюы адамдардың тұрмыс жағдайларын едәуір өзгертті. Енді орташа және ұсақ аңдарды аулау үшін жетілдірілген жаңа құралдар қажет болды. Аңшылар қолдарына қару алып, тамақ іздеп, ұсақ сапар шекті. Әр түрлі іске қолданылатын еңбек құралдары пайда болды. Соңғы палеолитте Қазақстан жерінде адамзат қоғамының үздіксіз ілгері дамып отырғаннын көрсетеді

 

МЕЗОЛИТ (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар). Мезолит ежелгі тас дәуірі (палеолит) мен жаңа тас дәуірі (неолит) арасындағы кезең. Қазақстанның ауа райы күрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті, енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, койы, үйрек болды. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе.

Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер - ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.

Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру.

Мезолит заманында рулық қауым күшейді. Ерлер мен әйелдер арасында еңбек бөлініс қалыптасты. Қоғамда қауым мүшелерінің құқығы тең болды. Қауым: қариялар, ересектер және балалар болып үшке бөлінді. Балалар тобын ересектерге өту бағыштау (инициация) ғұрыптары өткізілді.

НЕОЛИТ (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). Жаңа тас дәуірі (неолит) ұжымдық еңбек пен өндіріс құрал- жабдықтарына ортақ меншік үстем болған жаңа құрылымға ие болды. Тайпалар өз атауы, территориясы, диалектикасы және өзіндік мәдени- болмыстық ерекшелігімен бейнеленді. Адам жасанды материал – қыш ыдыстарды даярлауды игерді. Шаруашылықтың өнімді формалары: егіншілік пен малшылық пайда болды

Неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі «Жаңа тас» дәуірі болып саналады. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамыу үшін орасан зор маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Өндіруші шаруашылықтың шығуы «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды.

Неолит дәуірінде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты, бірте-бірте қиын өнделетін тастар тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары шықты. Сонымен бірге керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген.  Адамдар мата тоқып, киім тігуді үйренді.

ЭНЕОЛИТ (б.з.б 3-1800 мыңжылдықтар). неолит пен қола дәуірі аралығындағы археологиялық кезең (тас-мыс кезеңі). Энеолитте тұңғыш рет таза мыс белгілі болды және одан әр түрлі әшекей бұйымдар мен еңбек құралдары жасалды. Алайда Энеолитте тас құралдары әлі де басым болды. Адам қолдануды үйренген алғашкы металл — мыс болды.

Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емесъ Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені — Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған аймағындағы энеолиттік мәдениетті "Ботай мәдениеті" деп атайды.

Ботай энеолиттік конысы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекені жанында, Иманбұрлык өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қоныс шамамен б. з. д. XXIV—XXII ғасырлар арасында, 200 жылдай уақыт өмір сүрген. Қоныстан 160-ка жуық жекелеген үй орындары ашылды. Үйлер кәдімгідей көше-көше болып салынған. Үйлердің көпшілігі жертөле ретінде қабырғасының жартысына жуығы жер астына үңгіп салынған. Үйдің кабырғасының бір метрге жуығы кәдімгі жер. Одан жоғары тұсы қазылған жерден шығарылған топырақпен дуал етіп шегендеген қабырға. Осылайша салынған қабырғаларға төбесіне қарай тарыла беретін бөрене-сырғауылдар қаланған. Күмбез түрінде жасалған төбеге ағаш бұтақтары тасталып, оның үстіне шым жапқан. Үйдің төбесінің дәл ортасында түтін шығатын тесік қалдырған. Сыртқы есік қабырғадан ойылып шығарылған, оның сыртында кішкене дәліз болған. Ошақ үйдің ортасында орналасқан. Одан төр жақта адамдардың жататын жері болған. Қоныстан тас, сүйек, сазбалшыктан жасалған заттар мен құралдар көп табылды. Мысалы, тас пышақтар, қанжарлар, жебенің, найзаның ұштары. Әр түрлі ағаш өңдейтін құралдар: шот, балта, қашау, тері өңдейтін қырғыштар тастан жасалса, біздер, инелер сүйектен жасалған.

Өлген адамдарын қоныстың маңындағы ескі тұрақтарға жерлеген. Жерленгендердің айналасына, қабір үстіне жылқының бас сүйегін айналдыра тізіп қойған. Ботайлықтар бүкіл еуразия даласындағы ең алғашқы жылқы өсірушілер болған. Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылды. Ботайлықтар, негізінен, жылқы өсірген алғашқы бақташы тайпалар.

 

Бифас – екі жағынан да өңделген қарапайым шапқаш тас құрал.

Монофас - басты бір жағынан соққылау арқылы сындырып, қыр шығарылған құрал

Шапқы - жұмыр тастың екі жағын да өңдеп, ұшын үшкірлеп жасаған ерте палеолиттегі қару.

Чоппер - бір жағында жүзі бар құрал, аң еті менағаш кесі үшін пайдаланылған


Пікір жоқ
200 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 01.02.2022 в 09:41

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour