Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.png?_=1524731137
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 49-07-40

"Менің елім"

"Менің елім" атты патриоттық ән-байқауы


Нұр-Сұлтан қаласы №83 мектеп-гимназиясында 15 желтоқсан күні "Менің елім" атты патриоттық ән-байқауы өтіп, Тарих апталығының жабылуы өз мәресіне жетті.
"Менің елім" атты патриоттық ән-байқауына мектебіміздің әрбір бірлестігінен мұғалім мен оқушы қосылып, дуэт ретінде өз өнерлерін көрсетті. Байқаудың 1 туры - патриоттық ән айту, 2 тур - ҚР Тәуелсіздігіне қатысты сұрақтарға жауап беру.
Байқауға 12 бірлестік мүшелері қатысты.
Мерекелік іс-шара барысында гимн орындалып, концерт басталды. Ән-байқауының жүргізушісі әрі ұйымдастырушысы - Такебаев Руслан Манарбекович.
Мектебіміздің әр бірлестігінен ең өнерпаздар мұғалімдері мен оқушылар сахна төріне шығып, патриоттық әндер шырқап, сұрақтарға жауап берді.
Қазылар алқасы: Мектебіміздің музыка пәні мұғаілімі, Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдос Адильмуратулы және қазақ тілі пәні мұғалімі Сәуле Бөкейханқызы болды.
Концерт соңында жеңімпаздар анықталды.
Бас жүлдені - Психология бірлестігі жеңіп алды.
1 орын - Тарих бірлестігі;
2 орын - Педагог-ассистенттер бірлестігі және Ағылшын бірлестігі;
3 орын - Өзін-өзі тану ұжымы, Информатика бірлестігі мен Дене шынықтыру ұйымына берілді.
Көркем дауыс номинациясымен - Бастауыш әдістемелік бірлестігі марапатталды.
Жарасымды жұп номинаццясы - Қазақ тілі бірлестігіне берілді.





















Пікір жоқ
287 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 20.12.2021 в 17:41

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour