Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.png?_=1524731137
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 49-07-40

"Тәуелсіздік тағылымы"

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Тәуелсіздік тағылымы" атты мақаласында қазақ халқы азаттықтың 30 жылдық белесін бағындырып, торқалы той алдында  өткен тарихымызға шолу жасай отырып, тәуелсіздік белестеріне баға берді.


  30 жылдық тәуелсіздік! Бұл тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, қазақ халқы үшін сонау ғұн, сақ дәуірінен бастап ата-бабамыздың тәуелсіздік  жолындағы  басынан кешкен қилы тағдырының, білек күшінің арқасында жеткен қастерлі жетістігі. Ал Елбасымыз  осы тәуелсіздікке қол жеткізіп, орыс халқының боданынан шыққан жас елімізді, шынында,  30 жылда қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, қайраңға қалдырмай, әлемдік өркениеттің алдыңғы шебіне, дүниедегі ең дамыған 40 елдің қатарына қосу, әлемдік ғылым мен мәдениеттің ең үздік жетістіктерін меңгерген жаңа ұрпақ қалыптастыру,білім ордаларын көбейту, денсаулығына аса назар болу – асқан батырлықтың, көрегендіктің, халқын сүйгендіктің белгісі деп түсінемін. Енді сол тәуелсіздігіміз мәңгілік болу үшін ең бірінші, тілін құрметтеп, салт-дәстүрін бағалап,білім салаларында өткен тарихымызды оқыта отырып, тарихта кеткен есемізді қайтаруымыз керек. Ол үшін ұрпағымыз еңбек етіп, жақсы оқып, ел экономикасын нығайтып, ынтымақ-бірлігімізді арттырып, тәуелсіздікті жақсы жетістіктермен қарсы алуға тиіспіз.

  «Тәуелсіздік те бақыт сияқты, бағалаған адамның, аялаған қоғамның қолына тұрақтайды,"-деп Елбасы айтып өткендей халқымыз тату, экономикамыз қуатты, саяси жүйеміз тұрақты, мәртебеміз биік, абыройымыз асқақтай  берсін. Елдің жарқын болашағы - біздің қолымызда.


Пікір жоқ
273 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 14.12.2021 в 09:01

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour