Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.png?_=1524731137
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 49-07-40

«Желтоқсан – Тәуелсіздік белгісі»

Ел егемендігінің 30 жылдығына және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай біздің мектепте «Желтоқсан – Тәуелсіздік белгісі» атты дөңгелек үстел өткізілді.


Дөңгелек үстелге кеңестік империяның іргесін шайқалтқан қазақ жастарының толқуына қатысушылары қатысып, өз естеліктерімен бөлісті.

Тағылымды іс-шараны мектептің тарих пәні мұғалімі Камешев Мейрамбек Тулеуович ашып, директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушілері  - Такебаев Руслан Манарбеович, Бикенова Зухра Хамитовна және пән мұғалімдері қатысты.

Қонаққа келген Бердеш Әбілқайым Сайдоллаұлы, Ақайдар Ысымұлы мектеп ұжымы мен оқушыларына өздерінің тілектерін білдірді:

– Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 30 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп, көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген отандастарымызды ортақ мерекемізбен құттықтаймыз! Ұрпақтарымыздың ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабаларымыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілейміз! Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!

Ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болған ағаларымызға кездесу соңында «Тарих ӘБ» ұжымы атынан алғыс хаттар беріп, құнды естеліктер сыйлады.




Кездесуге жиналғандар – желтоқсан оқиғасы еліміздің тарихындағы ең қайғылы, бірақ өте маңызды беттері, – деген әділетті пікірмен тарқасты.


Пікір жоқ
406 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 07.12.2021 в 17:53

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour