💌Мектепте «Сенім жәшігі» жұмысын бастайды. Егер де бір мәселе мазаласа, достыққа, отбасындағы қарым-қатынасқа, топтағы қарым-қатынасқа, оқытушымен қарым-қатынасқа байланысты жағдай туындап жатса – бізге жазыңыз.
Сенім жәшігін қолдану тәртібі:
1. Сізді мазалайтын мәселенің түйінін кез келген форматты қағазға жазыңыз.
2. Сіздің хатыңыз кімге жолданғанын жазуыңызға болады (психологқа, әлеум. педогогқа, немесе әкімшілікке), жазбауыңызға да болады.
3. Сіздің хабарламаңыз кімнен екені жазылуы немесе анонимді болуы мүмкін. Сізбен хабарласатын телефон нөмірін жаза аласыз, сонымен қатар e-mail қалдыруыңызға болады, сізге электронды почта арқылы хабарласамыз.
Өзіміз жағынан хат жазбаларының құпия болатынына сөз береміз.
Мақсат және негізгі міндет
«Сенім жәшігі» келесі мақсатпен құрылды:
- білім беру үдерісінің субъектілеріне педогогикалық, психологиялық, құқықтық көмек көрсету;
- «Сенім жәшігіне» түсетін білім беру үдерісінің субъектілерінің хабарламаларын тіркеу және қарастыру, жедел шешім қабылдауды қамтамасыз ету, барынша көмек көрсету!
1 нед.
Пікір жоқ
362 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 10.11.2023 в 10:30