
«Менің экомектебім» жобасы
«Менің экомектебім» жобасының мақсаты: оқушылардың экологиялық танымдық білімін қалыптастыру, қоршаған ортаны таза ұстауға және қалдық заттарды қайта пайдалануға үйрету. Біздің мектебімізде 4-қарашада «Менің экомектебім» жобасы аясында мектеп ауласында «ECOTRUCK» келіп, 5-сынып оқушыларына қоқыстың өнділу тәсілдерін көрсетіп, оқушылар өз қолдарымен қоқыстарды өңдеп, жұмыс жасап көрді. Жалпы 357 оқушы бұл жобаға қатысып, өз үлестерін қосты.
Толығырақ08.11.2019 в 11:48 Пікір жоқ 886 қаралды

«Отбасы – тәрбиенің басы, мектеп – тәрбие жаршысы» мектепшілік сынып сағаты!
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2019 жылы 25 қазан күні сағат 12:00-де мектептің барлық 112 сыныбында «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты тақырыпта бірыңғай сынып сағаты өтті.
Толығырақ25.10.2019 в 12:00 Пікір жоқ 1147 қаралды

Достық мерекесі!
Бұл күнді атап өту мәртебесі біздің ерекше оқушыларымыздың көңіліне қуаныш ұялатып, жүректеріне сезімін білдіріп артынша мерекеге ұласты!Мақсаты: оқушыларды адамгершілік құндылықтарға баулу, мейірбандыққа тәрбиелеу, өзара сыйластық қарым – қатынасын дамыту. Би билеп ән салып Ансар ансамблі жұмылып сахна төрінде өнер көрсетті. Жақсылықта көңілдерін көтерген бұл күн ерекше жандарға арналған мерекелік кеш ретінде көптеген сыйлықтар таратып қуантты
Толығырақ15.10.2019 в 10:15 Пікір жоқ 814 қаралды

«Менің эко-мектебім»жобасы аясында өткен «Эко-сабақ»
03.10.2019 жылы еліміздің барлық мектептерінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен алғашқы республикалық экологиялық сағат өтті. Науқанға Үкіметтің барлық мүшелері, әкімдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Толығырақ03.10.2019 в 16:28 Пікір жоқ 2729 қаралды

Эко сағат науқаны!
Бүгін 3 қазан мектебімізде айтулы мереке табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негізінде эко сағат науқаны өткізілді! Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға үйрету. Мектебімізде қонақта болған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі «Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорының» жетекшісі Әлия Назарбаева ағаш отырғызуда өз үлесін қосты!
Толығырақ03.10.2019 в 12:52 Пікір жоқ 1004 қаралды

Күзгі кросс - алтын күз!
Биылғы күз бізді жылы және құрғақ ауа-райымен ерсі етті, бірақ жаңбыр бізді ұмытпады. Күні бұрын жауған жаңбырға қарамастан, 14 қыркүйекте жеңіл атлетикадан дәстүрлі мектеп біріншілігі өтті. Параллельдер арасында кросс өтті, ұлдар мен қыздар бөлек жарысты. Кроссқа қатысқан көптеген командалар оның ішінде - 5 сыныпты атап өтуге болады.
Толығырақ18.09.2019 в 13:02 Пікір жоқ 690 қаралды

Отбасылық эстафета «Әкем, анам, мен - спорттық жанұя»!
«Отбасы - рухани жаңғырудың негізі» отбасылық апталығы аясында бастауыш сыныптар арасында «Әкем, мама, мен - спорттық отбасы» эстафетасын өткіздік. Оған балалар ғана емес, олардың ата-аналары да қатысты.
Толығырақ18.09.2019 в 12:27 Пікір жоқ 1073 қаралды

"Мен және менің отбасым" көркем - шығармашылық сайысы
"Отбасы бақыт мекені" республикалық апталық аясында 5-7 сынып аралығында "Мен және менің отбасым" атты көркем шығармашылық сайысы өтті. Сайыста ең үздік деп танылып 1-ші орынды 6 ж сынып оқушысы Тілеуғазы Айдын иеленді
Толығырақ12.09.2019 в 13:58 Пікір жоқ 681 қаралды

1 қыркүйек - Білім күні!
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз! Биылғы 2019-2020 оқу жылында № 83 мектеп - гимназиясының табалдырығын 500 - ден астам бала аттады. Білім күні мектеп қабырғасында алғашқы қоңырау соғылып мерекелік іс-шара өткізілді.
Толығырақ01.09.2019 в 11:28 Пікір жоқ 677 қаралды

Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қорының Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы Әлия Назарбаева, мектебімізде балалар мен ересектер арасында болып өткен «Болашақтың халықаралық эко-көпірі» форумына қатысты!
Бүгін, айтулы күн Әлия Назарбаева, «! Болашаққа Эко-көпір» атты форумға қатысты, ол еліміздің үздік мектептерінің өкілдерімен кездесті, оның барысында, адамгершілік білім негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру принциптерін енгізу, балалар конкурсы жобасының «Климаттың қобдиша » атты экологиялақ ойын түрімен танысты.
Толығырақ19.04.2019 в 06:36 Пікір жоқ 830 қаралды