
Құрметті ата-аналар!
Жаңа оқу жылы қарсаңында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына (2025 жылғы 19 мамырдағы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес) белгіленгенін хабарлаймыз.
Мектеп формасына қойылатын талаптар
• Мектеп формасының түсі – қою көк.
• Форманың үлгісі – классикалық іскерлік стильде болуы тиіс.
Ұлдарға арналған мектеп формасы:
✔️ Пиджак
✔️ Жилет
✔️ Шалбар кең пішілген және ұзындығы бойынша аяқтың сирақтарын жауып тұрады.
✔️ Ақ түсті көйлек
✔️ Суық мезгілде – тоқыма жилет немесе ақ водолазка
Ұсынылатын ең аз жинақ:
• ақ көйлек;
• жилет;
• шалбар.
Қыздарға арналған мектеп формасы:
✔️ Пиджак
✔️ Жилет
✔️ Белдемше
✔️ Шалбар
✔️ Ақ түсті блузка
✔️ Сарафан
✔️ Суық мезгілде – тоқыма жилет немесе ақ водолазка
Талаптар:
• шалбар кең пішілген және аяқтың сирағын жауып тұруы тиіс;
• белдемше классикалық кеңсе үлгісінде, ұзындығы тізеден 5 см жоғары болмауы керек.
Назар аударыңыз!
Ата-аналар ұсынылған мектеп формасының үлгісіне сәйкес мектеп формасын кез келген сауда орындарынан өз таңдауы бойынша сатып ала алады.


