Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

logo.jfif?_=1729746247
Астана қаласы әкімдігінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


+7 7172 65 01 32

Ұлттық педагогиканың қалыптасу тарихы және заманауи білім берудің басымдықтары


🔹 Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, қаламгер, этнограф, фольклоршы әрі қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай 2026 жылдың 17 сәуірінде Қостанай қаласында және 20 сәуірінде Астана қаласында
«Ұлттық педагогиканың қалыптасу тарихы және заманауи білім берудің басымдықтары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Ауқымды шара Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен, @school_83_01 №83 мектеп-гимназиясы және
Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайы бірлесіп өткізілді.

🎯 Конференция барысында ұлы ағартушының педагогикалық мұрасы жан-жақты ғылыми тұрғыда зерделеніп, ұлттық педагогиканың қалыптасу тарихы терең талданды. Сонымен қатар, оның идеяларын қазіргі білім беру жүйесінің басым бағыттарымен сабақтастыра отырып, заманауи білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдары айқындалды.

👩‍🏫👨‍🏫 Шараға отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Конференция білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды ғылыми-тәжірибелік алаңға айналды.


Пікір жоқ
6 қаралды
Авторы: 83mektep
Қосылды: 23.04.2026 в 09:09

Президент жолдауы

Адалдық алаңы

Жарменова Гульмира Сергазиевна

     СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ

    АСТАНА қ. БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛЫ

Choose Colour