2025 жылдың 23-25 сәуір күндері Алматыда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ІІ «Кәсіби диалог: Lesson Study оқуды қалай өзгертеді» ұлттық конференциясы өткізілді. Кәсіби алаңда сабақты зерттеуді жүйелі түрде жүргізіп жүрген 550-ден астам отандық және шетелдік педагог кездесті. Мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін дамыту және педагог мамандығының трансформациясы мәселелері басты назарда болды.
🔎🔍Конференция бағдарламасы симпозиумдар, секциялық отырыстар, панельдік пікірталастар, шеберлік сабақтары, ментор сағаттары және Lesson study бойынша үздік кейстерді көрсететін постерлер көрмесін қамтыды.
📝 Конференцияның негізгі спикерлері қатарында Lesson Study жөніндегі Дүниежүзілік қауымдастықтың Таңдаулы президенті Стефан Клива (Швейцария), Кембридж университетінің профессоры Питер Дадли (Англия) сияқты беделді сарапшылар болды.
Мұғалімдер жапондық мектептегі сабақты зерттеуді онлайн режимде бақылап, өзара талқылады.
📗Мектебіміздің сабақты зерттеу тобы мүшелері Г.Жарменова, Б.Бекпанова «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу-кәсіби шыңдалу негізі» тақырыбында баяндама жасап, 📕К.Сейдахмет, А.Ахмедия, М.Ариповалар «Мәтіндік есептерді шешу кезінде тиімді стратегияларды қолдану» шеберлік-сыныбын жүргізіп, 📘Ш.Курманова «Сұрақ қою әдісі арқылы 6-сынып оқушыларының математика сабағында мәтіндік есептерді шығару дағдыларын дамыту» , Р.Кимбилова, Г.Жалиева «Использование интерактивного метода Tarsia для повышения мотивации учащихся» тақырыптарында постер зерттеу жұмыстарын республика сарапшыларының алдында жоғары деңгейде қорғап қайтты.